Спикердің айтуынша, биыл өңірде туберкулезге шалдыққан науқастар өткен жылмен салыстырғанда 28,2 пайызға, ал, балалар арасында 58,1 пайызға азайған. Сондай- ақ, өлім көрсеткіші 75 пайызға төмендеген.
-Біз жыл басынан бері белсенді туберкулезбен ауырған 84 адамды емге алдық. Оның 52-і тәулік бойы медициналық бақылауда болды. Соған байланысты, облыстың барлық медициналық ұйымдарда туберкулезге қарсы препараттарды тарату пункттері ұйымдастырылды. Нәтижесінде, екі айдың ішінде былтырдан бері ем алып жатқан 348 науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетілді. Ал, 153 азамат туберкулезге күдікті ретінде тексерілді, - деді Қуат Титанов.
Сонымен қатар, спикер брифингте екпе егу арқылы аурудың алдын алуға болатынын атап өтті. Қуат Титанов туберкулез ауруынан сақтану мақсатында жеке бас тазалығына аса мән беру маңызына тоқталды. Қолды жуып, бөлмелерді үнемі таза ауамен желдетіп, зиянды әдеттерден бас тарту қажеттігін ескерді. «Тазалық - денсаулық кепілі» қағидатын ұстанған жөн екендігін де ескерді.
-Тұрғындарға жылына 1 рет флюорографиялық тексеруден өтуге кеңес беремін. Бұл тегін қызмет. Құнарлы әрі дәрумендерге бай тамақ жеу керек. Темекі шегуден және алкогольді ішімдіктерді пайдаланудан бас тарту, дұрыс еңбек режимін сақтау, сондай-ақ шынығу мен салауатты өмір салтын ұстану туберкулездің алдын-алуға көп көмегін тигізеді, - деді Қуат Титанов.
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться
Комментарии
0 комментарий(ев)