18+
Новости Актау и Мангыстау
Ақтау және Манғыстау жаңалықтары
30.06.2022, 11:09

Нұрбанк: клиенттердің игілігіндегі 30 жыл

PR 0 1 980
Биылғы жыл Нұрбанк үшін мерейлі кезең: 3 тамыз күні ол 30 жасқа толады. Бұл қорытынды жасауға өте қолайлы сәт. Банк үшін кеше де, бүгін де, ертең де ең басты құндылық – клиент, ал үлкен жетістік – оның сенімі. Сондықтан да, 30 жыл бойы банктік қызметтер нарығында бізбен бірге болып, зор табыстарға жеткен клиенттеріміз – Нұрбанктің тұрақты да, сенімді серіктес ретіндегі беделінің құрылғандығының нақты көрсеткіші. Олар Банкке сеніп қана қоймайды, онымен бірге бизнес құрып, оны дамытуға, кез келген қиындықтан бірге өтуге және ұзақ жылдар бойы қатар жүруге дайын.

Осындай клиенттердің бірі – 15 жылдан артық уақыттан бері бірге жұмыс істеп келе жатқан «PRESTIGE» компаниясы, ол өндірістің, мейрамхана бизнесінің, үй мен отбасына арналған орталықтың басын біріктіріп отыр. Қазіргі кезде ол Батыс Қазақстандағы жиһаздар мен үйге арналған тауарлар гипер маркеттерінің желісі түріндегі ірі компаниялардың бірі.

«PRESTIGE» компаниясының құрылтайшысы, Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі, Қазақстанның Іскер Әйелдері Ассоциациясының Маңғыстау бойынша Төрағасы, Қазақстанның Ағаш өңдеу салалық Ассоциациясының сарапшысы Ирина Беляева өз ісінің негізін қалай қалағаны, қандай жетістіктерге жеткені және оның қалыптасуында Нұрбанктің қандай рөл ойнағаны жайлы айтып берді.

Нұрбанк: клиенттердің игілігіндегі 30 жыл


- Ирина Валерьяновна, өзіңіз жайлы, сіз үшін бизнестің қалай бастау алғаны жайлы айтып бересіз бе?

- Мен Бакуде туылып, сонда өстім, Грузияда тұрдым, Қазақстанға қиындыққа толы 90-шы жылдары келдім. Маңғыстауды өз отаным деп санаймын, өйткені отбасың қай жерде болса, отан да сонда емес пе.

Колледжде оқып жүрген кезде менің алғашқы қызметім базардағы саудадан бастау алды. Сонда 5 жыл еңбек еткеннен кейін ары қарай қозғалғым келді. Сонымен құрбым екеуміз келесі бір жолы зат аламыз деп барып, орнына жиһаз алып қайттық. Бұл 5 қонақ жиһазы еді, күйеуім оларды жинады, ал мен оларды үйден саттым. Міне осылай мен жиһазбен айналыса бастадым. 1995 жылы біз бос қалған балабақша ғимаратында дүкен аштық.

Нұрбанк: клиенттердің игілігіндегі 30 жыл


2007 жылы біз тәуекелге бел буып, алғаш рет Нұрбанктен кредит алдық. Әрине, қорқыныш пен уайымның болғаны рас, алайда банк менеджерлері бізге бәрін қарапайым жолмен түсіндіріп берді, олар бізбен әрдайым байланысып, біздің сауалдарымызға жауап беріп отырды.

Белорусь жиһазы тиелген вагонды бұрынғы әдетімізге салып өзіміз күтіп алдық, қаладағы ең алғашқы жиһаз дүкенін аштық.
Содан бері біз Нұрбанкте негізгі және айналымдағы құралдардың инвестициясына арналған шамамен 20 кредит рәсімдедік.

Нұрбанк: клиенттердің игілігіндегі 30 жыл


Нұрбанк дербес сервис пен барлық қаржылық мәселелерді жекелей шешу қызметін беру арқылы маған өз клиенттерімен қарым-қатынас орнатудың жаңа форматын көрсетіп берді. Ол мен үшін қатардағы кредиттік ұйым ғана емес, шын мәнінде жаңа мүмкіндіктердің көзі мен жігер беруші болып кетті. Артық айтты деп ойламаңыз, мен біздің қаламыздағы Нұрбанктің офисіне көтеріңкі көңілмен келемін, маған бәрі де ұнайды – жылы қабақпен қарсы алуы, ынтызарлықпен қызмет көрсету, әрине банктің бізге, бизнесмендерге ұсынған қызметтері. Банк менің арманымды жүзеге асырудағы сенімді де, тұрақты серіктесіме айналғанын нық сеніммен айта аламын.

Нұрбанк: клиенттердің игілігіндегі 30 жыл


Нұрбанк: клиенттердің игілігіндегі 30 жыл


Кредиттеу сіздің ұйымыңызға қалай көмектесті және қандай жетістіктерге қол жеткізе алдыңыз?

Нұрбанктің кредиттеуі бизнесімнің өсуіне көмектесті. Алаңы 5 000 ш.м. жеке тұрған ғимаратты алу біз үшін алға жасаған үлкен қадам еді, қазіргі кезде бұл ғимаратта «PRESTIGE» желісінің облыстағы ең үлкен гипер маркеті орналасқан. 2016 жылы дүкен алаңы 10 000 шаршы метрге дейін артты.
Жыл өткен сайын сауда залдарының алаңы кеңейіп келеді. Барлығы 150 шаршы метрден басталған еді, ал қазір 13 500 шаршы метрге жетті. Жұмыс орындарының саны 2-ден 150 адамға дейін өсті. Бүгінгі гипер маркетте 100-ден аса жеткізушілердің жиһаздары қойылған. Осы жылдар ішінде 14 сауда нүктесі ашылды, оның 10 - Ақтауда, 2 – Жаңаөзенде, 1 – Басқұдықта және - Форт-Шевченкода. Компанияның қарқынды дамуымен өзіміздің өндіріс ошағын ашу жайлы ойлана бастадық. 2011 жылдың өзінде біз жиһаз сатушы ғана емес, сонымен бірге сапалы жиһаз өндірушіге айналдық.

Нұрбанк: клиенттердің игілігіндегі 30 жыл


Неміс, итальян, қытай өндірісінің заманауи станоктарының кешенімен жарақталған, кең де, заманға сай цех салынды. Қызметкерлеріміз кәсіптік оқудан өтті, соның арқасында өзіміздің дизайнерлер, өлшеушілер, пішушілер пайда болды. Алға қойған жоспарларымыз да жетерлік.

Нұрбанк: клиенттердің игілігіндегі 30 жыл


Көпшілік Қазақстанда бизнеспен айналысу қиын, бітпейтін дағдарыс ж.б. ауырлықтар бар деп жатады. Сіз қандай қиындықтарға тап болдыңыз және оларды қалай жеңіп шықтыңыз?

Біз өз тарихымызда әртүрлі, өте күрделі жағдайларға тап болған кездеріміз болды. 2008 жылы кезекті дағдарыс басталып, біздің табысты бизнесімізде іркілістер пайда бола бастады. Міне сол кезде ары қарай не істеу керектігін қатты ойландық.

Сол кезде біздің қалада өзіміздің 1 және жалға алған 7 дүкеніміз жұмыс істейтін. Компанияның кірістері мен шығыстарын тиянақты түрде есептеген кезде, жалдау ақысын төлеуге жұмыс істеп жатқанымызды түсіндік.

Біраз уақыт өткенде, «Даму» қорының «Бизнестің жол картасы» атты мемлекеттік бағдарламасы жайлы естідім. Мен Нұрбанкке келдім, мұнда маған шарттарын толықтай түсіндіріп берді. Осылайша біз Нұрбанктен екінші үлкен кредит алдық та, 12-шағын аудандағы ғимаратты сатып алдық. Кредит бойынша ай сайын жасалатын төлем сомасы жайлардың жалдау ақысынан аз болып шықты. Біздің қуанышымызда шек болмады. Жұмысқа деген құлшынысымыз арта түсті. Біз біреуге жалдау ақы төлемейтінімізді, компанияға табыс әкелетінімізді түсіндік.

Нұрбанк: клиенттердің игілігіндегі 30 жыл


Сіздің ойыңызша, бизнестің табысты болуында не маңызды орын алады?

Ең маңыздысы – бұл мақсат және ұжым. Әр күннің және келешектің мақсаттары болуы тиіс. Ал кәсіби мамандардан құралған ынтымақты команда – бұл кез келген компания табысының кілті. Біздің командамыздың әрбір мүшесі өзінің үлкен бір ұжымның бөлшегі екенін сезінеді. Бізде өз корпоративтік кодексіміз қалыптасқан, әрқайсымыздың өз кәсіби білімімізді көтеруге мүмкіндігіміз бар. Компаниямыз жеткізушілерден жаттықтырушылар және қызметкерлеріміздің әлеуетін ашатын бизнес – жаттықтырушылар шақырады. Қазіргі кезде қызметкерлерге арналған оқу порталы құрылуда. Менің өзімде әртүрлі семинарлар мен тренингтерден алған 32 дипломым бар. Мен әрдайым ізденісте жүремін, қызметкерлерді оқытуға тырысамын, барлық менеджерлер, кеңесшілер мен офистің қатардағы қызметкерлері компания есебінен оқытылады.

Нұрбанк: клиенттердің игілігіндегі 30 жыл


Сіз үшін жетістік деген не?

Мен үшін жетістік – бұл оқиғалар, шешімдер мен әрекеттердің жиынтығы. Ең бастысы табанды және қиындыққа төзімді болу керек.
Еңбек етуден қорықпайтын және өз ісіне қатты берілген адам жетістікке жете алады.
Мен де басқа табысты адамдар секілді демалыс пен рахатсыз еңбек еттім. Менің ұмтылысым өз жемісін берді.

Бұдан былайғы жоспарыңызбен бөлісе отырсаңыз.

Дайын интерьерлі шешімдермен жұмыс істеуді жалғастыра беру, бизнесті Қазақстанның басқа өңірлеріне қарай кеңейту, қызметкерлердің кәсібилігін көтеру. Ал ең бастысы – әрдайым трендте болу және жиһаз бен үй заттарының әлемін құрайтын ұстанымдарды ұстану.

Сізді не жігерлендіреді?

Өз істерін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған бизнес – тренингтер өткізу менің сүйікті ісім. Менің жоқ жерден табысты бизнес құрудағы 25 жыл бойы жинаған тәжірибеме қызығушылық танытқан сәттерден мен орасан мол қуат аламын.

Мені Мәскеу қаласындағы «Жиһаз, дизайн және интерьер» атты 31-ші Халықаралық көрме аясында өткізілген франшиза көрмесіне спикер ретінде шақырған кезде біздің «PRESTIGE» компаниямыз Маңғыстау облысында әзірлеп, жүзеге асырып жатқан ұстанымдарының халықаралық деңгейде жоғары бағаланып жатқанына қатты қуандым. Мен ірі компаниялардың басшыларымен, саланың үздіктерімен бір қатарда тұрып, өз білімімен және тәжірибеммен бөлістім. Өз әлемімнің шекарасына шығып, әртүрлі жандармен қарым-қатынас орнату, білім мен мүмкіндіктің жаңа көкжиектерін іздеу – мені жаңа істерге жігерлендіреді.

Өз істерін жаңа бастаған бизнесмендерге қандай кеңес бересіз?

Жас кәсіпкерлер үшін ең маңызды мәселе – бұл өз арнасын табу. Сұраныс болатын арнаны іздеу қажет, оны тапқаннан соң басқалар жасай алмайтын ұсыныс жасауыңыз керек.

Үлкен жайлар мен көптеген қызметкерлер болуын талап етілмейтін шағын өндіріске қатысты өзекті ойлар мен ұсыныстар өте көп.
Бизнес басталмай жатып жабылып қалмас үшін нарықты жан-жақты зерттеу керек. Сонымен бірге ресурсты есептеу және тиянақты жоспар жасап алу да маңызды. Әр тиын мен әр қадамды есептеп отырған дұрыс.

Бәсекелестерден қорқудың керегі жоқ, керісінше оларға жақын жүріп, қалай олардан озып шығуды ойлаған дұрыс.Бәсекелестер, бизнестерінің әрбір бөлшегіне дерлік біліп отыру қажет. Сол білгеніңе сүйене отырып, өз артықшылықтарыңды анықтау және тұтынушылар саған келетіндей қадам жасау қажет. Бүгінгі нарықта ойыншылар көбею үстінде. Бизнесіне дұрыс жол таңдап, оны дамытудың өзіндік стратегиясын таба білгендер ғана өз істерін жалғастыра алады.

Маңғыстау облысы – бұл республикамыздың ЖІӨ-нің 6,0 %-ын қамтамасыз ететін еліміздегі стратегиялық – маңызды өңір. Мұнай өндірісі мен мұнай сервисінің қызметтері облыстағы экономика дамуының негізгі және дәстүрлі саласы болып табылады. Қызмет көрсету, логистика мен құрылыс салаларындағы ШОБ секторы белсенді түрде дамып келеді.
Нұрбанктің Ақтау қ. филиалының ШОБ кредиттік қоржынындағы салалар бойынша 01.05.2022 жылы басымдыққа ие болып отыр: құрылыс саласы - 34,3 %, қызмет көрсету саласы - 30, 1 %, бөлшек сауда - 21, 4 %.


Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылдың 03-ақпанында берген лицензияның № 1.2.15/193

Жарнама ретінде
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться