05.10.2021, 11:52
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен өзара қарым-қатынасқа байланысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап / Ответы на часто задаваемые вопросы касательно порядка взаимоотношений с энергоснабжающими организациями
ТОО «МАЭК-Казатомпром»
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-не Ақтау қаласының тұрғындарынан энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың ауысуына байланысты олармен өзара қарым-қатынасқа қатысты көптеген сұрақтар келіп түсуде. Біз өз құзыретіміз шегінде жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар дайындадық.
- «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-і «AllianceEnergoSnab» ЖШС-мен шартты бұзу туралы неліктен екінші рет хабарлайды?
- Бастапқыда «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС (бұдан әрі-МАЭК) «AllianceEnergoSnab» ЖШС (бұдан әрі-Альянс) және оның «AllianceEnergoSnab – Ақтау» филиалы (бұдан әрі-Альянс) арасында тұтынушылардың әртүрлі топтарын энергиямен жабдықтау үшін төрт шарт жасалды. 2021 жылдың тамызында МАЭК Альянсты 1 қыркүйектен бастап тек 2 шарттың бұзылғаны туралы хабардар етті, ал қыркүйек айының соңында Альянсқа 4-ші және 6-шы қазаннан бастап қалған 2 шарттың бұзылғаны туралы хабарлады. Осылайша, 6 қазаннан кейін МАЭК пен Альянс арасындағы шарттық қатынастар толығымен тоқтатылады.
- Ақтау қаласының тұрғындарына қыркүйек айында тұтынылған электр энергиясы үшін қандай ұйымнан шоттар келеді? Оларды қалай төлеу керек?
- Ақтау қаласының тұтынушыларын энергиямен жабдықтау туралы Альянспен жасалған шарт қазанның 3-жұлдызын қоса қолданыста болды. Осы күнге дейін тұтынылған электр энергиясы үшін төлемді Альянсқа төлеу қажет. Альянсқа төленетін төлемнің нысаны мен механизмі өзгерген жоқ. Қыркүйек айында тұтынылған электр энергиясын төлеу шоты Альянстан келеді.
- Егер қазан айында энергиямен жабдықтаушы ұйым (ЭЖҰ) ауысса, тұтынушылар үшін не өзгереді? Бұл жағдайда электр энергияның төлемдерін қалай төлеуге болады?
- ЭЖҰ-ның ауысуы тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігіне әсер етпейді. Ақтау қаласының тұтынушыларын энергиямен жабдықтау функциясын орындауды бастайтындығын қазан айында БАҚ арқылы қайтадан жұмысқа кіріскен ЭЖҰ туралы ресми түрде хабардар етеді. ЭЖҰ ауысқан күннен бастап тұтынылған электр энергия үшін төлеуге арналған шоттарды жаңа компанияға төлеу қажет болады. Қазан айындағы шоттар жаңа ЭЖҰ-дан түседі. Өтпелі кезеңнің барлық мәселелерін жаңа ЭЖҰ және Альянс тұтынушылар үшін қандай да бір зиян келтірмей реттеулері тиіс.
- Электр энергиясы бойынша есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайда және қашан беру керек? Ол үшін МАЭК-тің ЕКО сайтын пайдалануды жалғастыруға бола ма? Тұтынылған электр энергия үшін төлем жасау дербес шоты өзгере ме?
- Электр энергия үшін ақы төлеу дербес шотының өзгеруі немесе өзгермеуі жаңа ЭЖҰ-ның тұтынушыларды есепке алу жөнінде қандай базаны пайдаланатынына байланысты. Қазір Альянс шарт бойынша МАЭК базасын пайдаланады, сондықтан су, жылу және электр энергиясы бойынша дербес шот біреу. Егер жаңа ЭЖҰ МАЭК базасын пайдаланатын болса, онда дербес шоттар өзгеріссіз қалады, ал егер жаңа ЭЖҰ-ның базасы өзінікі болса, онда дербес шоттар да өзгереді.
Әзірге барлық есептеу құралдарының көрсеткіштерін бұрынғы белгіленген мерзімде МАЭК ЕКО сайты (http://rkc.maek.kz) арқылы беруге болады.
Жаңа ЭЖҰ өз базасына көшкен жағдайда МАЭК ЕКО сайты арқылы алынған электр энергияны есепке алу аспаптарының барлық қажетті көрсеткіштері жаңа ЭЖҰ-ға берілетін болады.
- Жаңа ЭЖҰ-мен шарт жасасу қажет пе? Егер қажет болса, онда қандай процедура бойынша?
- Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар бөлшек сауда нарығында электр энергиясын электрмен жабдықтаудың жария шарттарына сәйкес сатады. Осы негізде жаңа ЭЖҰ БАҚ арқылы электрмен жабдықтаудың жария шарты тұтынушыларға жеткізіледі. Халыққа ешқандай шарт жасасудың қажеті жок. Ал заңды тұлғалар жаңа ЭЖҰ-мен шарт жасасуы қажет. Әдетте, ЭЖҰ бастамашы болып, тұтынушыға өз шарттарын, бағасын және т. б. ұсынады.
- Энергиямен жабдықтаушы ұйым ауысқан кезде сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау бөлігінде тұтынушылардың «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-мен өзара қарым-қатынасы өзгере ме?
- Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясымен жабдықтау функциясын орындайды. МАЭК сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау функцияларын жүзеге асырады. Сондықтан, ЭЖҰ-ның ауысуы тұтынушылардың МАЭК-пен өзара қарым-қатынасына еш әсер етпейді.
«МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС
В ТОО «МАЭК-Казатомпром» поступает много вопросов от жителей города Актау касательно взаимоотношений с энергоснабжающими организациями в связи с их сменой. Мы подготовили ответы на наиболее часто задаваемые вопросы в рамках своей компетенции.
- Почему ТОО «МАЭК-Казатомпром» второй раз уведомляет о расторжении договора с ТОО «AllianceEnergoSnab»?
- Изначально между ТОО «МАЭК-Казатомпром» (далее - МАЭК), ТОО «AllianceEnergoSnab» (далее Альянс) и его филиалом «AllianceEnergoSnab-Актау» (далее - Альянс) было заключено четыре договора для энергоснабжения различных групп потребителей. В августе 2021 года МАЭК уведомил Альянс о расторжении с 1 сентября только двух договоров, а в конце сентября Альянс был уведомлен, что с 4 и 6 октября расторгаются оставшиеся два договора. Таким образом, после 6 октября договорные взаимоотношения между МАЭКом и Альянсом будут полностью прекращены.
- От какой организации придут счета жителям города Актау за электроэнергию, потребленную в сентябре? Как их оплачивать?
- Договор с Альянсом на энергоснабжение потребителей г.Актау продолжал действовать до 3 октября включительно. Оплату за электроэнергию, потребленную до указанной даты, необходимо производить Альянсу. Форма и механизм оплаты Альянсу не поменялись. Счёт на оплату электроэнергии, потребленной в сентябре, придёт от Альянса.
- Что изменится для потребителей, если в октябре произойдет смена энергоснабжающей организации (ЭСО)? Как в этом случае оплачивать счета за электроэнергию?
- Смена ЭСО никак не отразится на качестве и надёжности электроснабжения потребителей. О начале выполнения функции энергоснабжения потребителей г.Актау в октябре официально через СМИ уведомит вновь приступившая к работе ЭСО. Счета на оплату электроэнергии, потребленной со дня смены ЭСО, необходимо будет оплачивать новой компании. Счета за октябрь потребителям поступят от новой ЭСО. Все вопросы переходного периода должны быть урегулированы новой ЭСО и Альянсом без какого-либо ущерба для потребителей.
- Куда и когда передавать показания приборов учёта по электроэнергии? Можно ли для этого продолжать использовать сайт РКЦ МАЭК? Поменяется ли лицевой счёт для оплаты за потребленную электроэнергию?
- Поменяется или нет лицевой счёт для оплаты за электроэнергию - будет зависеть от того, какую базу учёта потребителей станет использовать новая ЭСО. Сейчас Альянс по договору использует базу МАЭК, поэтому лицевой счёт по воде, теплу и электроэнергии один. Если новая ЭСО тоже будет использовать базу МАЭК, то лицевые счета останутся прежними, а если база у новой ЭСО будет своя, то и лицевые счета изменятся. Пока показания всех приборов учета можно подавать через сайт РКЦ МАЭК (http://rkc.maek.kz) в определённые ранее сроки. В случае перехода новой ЭСО на свою базу, все необходимые полученные через сайт РКЦ МАЭК показания приборов учёта электроэнергии будут переданы новой ЭСО.
- Необходимо ли заключать договор с новой ЭСО? Если «ДА», то по какой процедуре?
- Энергоснабжающие организации на розничном рынке продают электрическую энергию в соответствии с публичными договорами электроснабжения. На этом основании новой ЭСО через СМИ будет доведён до потребителей публичный договор электроснабжения. Населению не потребуется заключать никаких договоров. А вот юридическим лицам заключение договора с новой ЭСО необходимо. Как правило, инициатором выступает ЭСО, предлагая потребителю свои условия, цену и т. д.
- При смене энергоснабжающей организации изменятся ли взаимоотношения потребителей с ТОО «МАЭК-Казатомпром» в части водоснабжения и теплоснабжения?
- Энергоснабжающие организации выполняют функцию снабжения электроэнергией. МАЭК осуществляет функции водоснабжения и теплоснабжения. Таким образом, смена ЭСО никак не повлияет на взаимоотношения потребителей с МАЭК.
Партнерский проект "Лады" и ТОО «МАЭК-Казатомпром»
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться
Последние комментарии