18+
Новости Актау и Мангыстау
Ақтау және Манғыстау жаңалықтары
07.08.2023, 11:49

Атырау-Астрахан бағытындағы пойызда жасөспірім қайтыс болды

Новости Казахстана 0 662 Станислава Куцай
7 тамызда тәрбиешілерімен бірге лагерьге демалуға бара жатқан 2010 жылы туған ер бала көз жұмды.

7 тамызда тәрбиешілерімен бірге лагерьге демалуға бара жатқан 2010 жылы туған ер бала көз жұмды.

Пойыз қозғалған соң 1,5 сағат кейін бала өзін нашар сезінген. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істеп, жедел жәрдем шақырылып, Атырау облысыныдағы Нарын станциясына тоқтады. Сол жерге келген медицина қызметкерлері баланың қайтыс болғанын мәлімдеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалар өздері тамақтанған.

Атырау облыстық білім басқармасының хабарлауынша, 77 адамнан тұратын топ (4 вожатый, 73 бала) Железноводск қаласындағы “Қазақстан геологы” шипажайына бара жатқан.

Аталған қайғылы жағдай бойынша Атырау облыстық білім басқармасы мен құзыретті органдар арнайы комиссия құрылатынын, жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

Қазіргі уақытта баланың денесі сот- медициналық сараптамаға жолданды, қылмыстық іс қозғалды.

Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться

Комментарии

0 комментарий(ев)
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи. Зарегистрируйтесь либо, авторизуйтесь. Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.