«КазАзот» АҚ мен «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА қол қойды

2022 жылғы 29 қарашада «КазАзот» акционерлік қоғамы мен «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ арасында кездесу өтті, оның барысында Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Аталған келісімге «КазАзот» АҚ атынан Бас директор Маулешев Арман Ахметжанович, «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ атынан Басқарма Төрағасы Кабашев Асхат Тлеубекович қол қойды.

Меморандумның мәні Маңғыстау облысындағы АЭА аумағында аммиак-карбамид кешенін салу болып табылады. Жоба аммиакты - жылына 660 мың тонна; азот қышқылын – жылына 395 мың тонна; карбамидті – жылына 577 мың тонна; аммиак селитрасын – жылына 500 мың тонна өндіруді қамтиды.
Бұл құжат еркін экономикалық аймақта жер учаскесін беруді және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы қолданыстағы заңнамасында көзделген инвестициялық преференциялар мен жеңілдіктерді алуға жәрдемдесуді көздейді.





«Бүгінгі күн отандық өнеркәсіп тарихында ерекше болып қалады», - деді «КазАзот» АҚ Бас директоры Арман Маулешев
.

Өз кезегінде Басқарма Төрағасы Асхат Кабашев Маңғыстау облысында өндірісті дамыту мен инвестиция тартудың маңыздылығын атап өтті.


МЕМОРАНДУМ О СОТРУДНИЧЕСТВЕ подписали АО «КазАзот» и АО «СЭЗ «Морпорт Актау»

29 ноября 2022 года состоялась встреча между Акционерным Обществом «КазАзот» и АО «Специальная экономическая зона «Морпорт Актау», в ходе которой был подписан Меморандум о сотрудничестве.

От АО «КазАзот» соглашение подписал Генеральный директор Маулешев Арман Ахметжанович , от АО «СЭЗ «Морпорт Актау» - Председатель Правления Кабашев Асхат Тлеубекович.

Предметом Меморандума является строительство аммиачно-карбамидного комплекса на территории СЭЗ в Мангистауской области. Проект включает в себя производство аммиака - 660 тыс. тн в год; азотной кислоты - 395 тыс. тн в год; карбамида - 577 тыс. тн в год; аммиачной селитры - 500 тыс. тн в год.
Документом предусматривается выделение земельного участка в свободной экономической зоне и содействие в получении инвестиционных преференций и льгот, предусмотренных действующим законодательством РК о специальных экономических зонах.



«Сегодняшний день войдет в историю отечественной промышленности», - отметил Арман Маулешев, генеральный директор АО «КазАзот».


В свою очередь, Председатель Правления Асхат Кабашев отметил важность развития производства и привлечения инвестиций в Мангистауском регионе.

На правах рекламы