Мемлекеттік рәміздер күніне орай маңғыстаулық 300 спортшы челленджге қатысты

Маңғыстау облысында карате шинкиокушинкай федерациясының спортшылары  Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің туым - менің мақтанышым» атты челлендж жолдады.

Еліміздің туы шетелде екі жағдайда - мемлекет басшысы басқа елге ресми сапармен барғанда және спортшылар жеңіс тұғырынан көрінген кезде көтеріледі. Алты алашты бір мүдде аясына жұмылдыратын  - көк ту мен елтаңба. Жүректі  тебірентетін  - әнұран.  

«Әр спортшының асқақ арманы және басты мақсаты – Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттары секілді дүбірлі додаларда өз елінің әнұранын шырқап, көк туымыздың көтерілуі.
Бұл айтулы күні  челленджге жас спортшыларды қатыстырудағы мақсат  - жас ұрпаққа Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның  қадір-қасиетін насихаттау», деді облыстық карате шинкиокушинкай федерациясының атқарушы директоры Алдаберген Хасанұлы.

Айта кетсек, 1-2маусым күндері карате шинкиокушинкай спортшыларының білімін арттыру мақсатында облыс көлемінде 400-ге жуық спортшы «кю» тест емтиханын тапсырып,  белбеулерін көтерді. Айтулы мереке күні Амфитеатр алаңында емтихан тапсырған  спортшылар облыстық карате шинкиокушинкай федерациясы атынан марапатталды.