Қазақстан Республикасының рәміздерін қабылдауына 30 жыл

"ӘСЕР" қоғамдық бірлестігі мен "Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы" ММ мен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай Ақтау қаласының тұрғындары арасында "Халық арасында патриотизмді қалыптастыруға және ҚР-ның мемелекеттік рәміздерін кеңінен насихаттау" жобасы аясында ауқымды акция өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты өсіп келе жатқан жастарымыз ды патриоттыққа тәрбиелеу. Отанға деген сезімін ояту. Жоба "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес ұйымының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Жоба аясында қатысушылар арасында Қазақстан Республикасының жалауы 100 дана көлемінде таратылды. Жас балалар арасында патриоттық сезімді ояту барысында 60 бала көлемінде аквагрим жасалынды.








Жарнама ретінде