18+
Новости Актау и Мангыстау
Ақтау және Манғыстау жаңалықтары
23.08.2023, 11:00

Қазмұнайгазға жас келсе - іске ме? Әлде?

Власть 1 5 264 Станислава Куцай
Жақында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында Ернат Бердіғұлов ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Қазмұнайгазға жас келсе - іске ме? Әлде?
Қазмұнайгазға жас келсе - іске ме? Әлде?
Осыған дейін шетелдіктер тағайындалып келген ұлттық компанияның директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына отандық маманның тағайындалғаны құба-құп. Бірақ ол кім?

Ашық дереккөздердегі деректер бойынша Ернат Бердіғұлов 1987 жылы туылған, 2010 жылы Торонто университетінде (Канада) «Мемлекеттік саясат және халықаралық зерттеулер» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, 2018 жылы Уорвик университетінде (Ұлыбритания) «Іскерлік басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Осыған дейін Whiteshield Partners компаниясында жобалар жетекшісі, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ-да стратегия, тұрақты даму және цифрландыру жөніндегі
бірлескен басқарушы директор ретінде қызмет етті. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына»

АҚ-ның стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарады.

Одан бөлек 2021 жылдан бері КЕГОК АҚ директорлар кеңесінің мүшесі лауазымы да бар.

Соңғы уақытта елдегі энергетика саласындағы орын алып жатқан мәселелердің осы компанияға тікелей қатысы бар екені белгілі.

Осы жылдың 3 шілдесінде МАЭК-те №1 энергетикалық блоктың жұмысы апатты жағдайда тоқтап қалған болатын. Апат салдарынан «Атырау мұнай өңдеу зауытының» жұмысы да тоқтап, қаланың біраз бөлігі жарықсыз қалды. Сол кездегі тексеріс нәтижесінде бағдарламалық кешенді іске қосудың есепті мерзімін бұзғаны және бағдарламаның толық жұмыс істеуін қамтамасыз етпегені үшін ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы «KEGOC» АҚ бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартқан еді.

Енді ақсап тұрған энергетикаға қоса ел экономикасының драйвері болып саналатын мұнай-газ саласындағы ірі ойыншы – ұлттық компанияның директорлар кеңесіне барғанда не өзгермек немесе ол не өзгерте алады? Онсыз да жыл өткен сайын өндіру көлемі азайып, жұмыссыздық мәселелері қайта-қайта өршіп тұрған саладағы өзекті мәселелерді шешуге қауқары мен тәжірибесі жете ме?

Сарапшы Айдархан Құсайынов жеке телеграм парақшасында бұл туралы пікір қалдырыпты (орысшадан аударылды): «90-жылдары, 2000-жылдардың басында
мемлекеттік қызмет пен ұлттық компанияларға жастарды тартутың маңызды болғаны түсінікті. Бірақ одан бері 30 жыл өтті, нарықтық экономикаға көштік, 30 жыл
тәжірибе жинаған қаншама адам бар. Өзенде балшыққа батып жұмыс істеп, Кариб шығанағында, Әмірліктерде ұңғыма бұрғылағандарды жеке танимын. ҚМГ-дегі жас менеджердің қандай артықшылығы барын білмеймін, бірақ ол жерде тәжірибесі әлдеқайда мол мамандар бар екені анық. Қысқаша айтқанда, жолың болсын.
Мүмкін, шынымен данышпан шығар, ал мен сөзі көп біреу шығармын. Дегенмен, 26 жасында Қазақстан Республикасының Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы болу деген, демек, данышпан...

Немесе – факт өзі айтып тұр – біздің әл-ауқат қорымыз шынайы тәжірибесі жоқ, батыстың екінші сортты оқу орнын бітірген бакалаврмен кеңескен».

Жалпы ұлттық компанияға қайта оралсақ, Директорлар кеңесінің төрағасы Директорлар кеңесіне жалпы басшылық жасауға жауап береді, Директорлар кеңесінің негізгі функцияларын толық және тиімді іске асыруды және Директорлар кеңесінің мүшелері, ірі
акционерлер мен Басқарма арасында конструктивті диалог құруды қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесінің төрағасы тәуелсіз директор болады. Бұрын компанияның жылдық есептерінде директорлар кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшерлері жарияланатын. Мәселен, 2019 жылы кеңес мүшесі болғаны үшін шетелдік тәуелсіз директорлар жылына 91 мыңнан 150 мың долларға дейін сыйақы алған.

Мысалы, Уолтон Кристофер Джон (Ернат Бердіғұлов осы кісіні алмастырды) 2019 жылы жалпы алғанда 370 мың доллар, Уайт Стивен Джеймс – 242 977 доллар, жалғыз әйел Грюал Балжит Каур – 267 000 доллар және т.б. алды. Бұдан бөлек бұл әйелге және Джон Энтони Эспинеге директорлар кеңесінің төрағасы өткізуді тапсырған кеңес-кездесудің бір күнде бір отырыс деп есептегенде әр отырысына қатысқаны үшін 2 мың доллардан
төленеді. Есепте көрсетілгендей, «сыйақы деңгейі компания үшін қажетті құзыреттілігі мен біліктілігі бар тұлғаларды тарту, ынталандыру және ұстап қалу үшін жеткілікті болуы тиіс». Осының барлығына компания 2019  жылы 565 миллионнан астам теңге бөлді. 

Соңғы жылдары жарияланған есептерде сыйақының жиынтық мөлшері ғана көрсетіліп жүр. 2022 жылғы есепте Қазмұнайгаздың Директорлар кеңесі мүшелеріне АҚШ долларымен төленген сыйақының жиынтық мөлшері:
2020 жыл - 819 020 доллар, 15 799 427 теңге
2021 жылы - 381 944 доллар, 18 200 000 теңге
2022 жылы - 350 000 доллар, 29 538 710 теңге
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться

Комментарии

1 комментарий(ев)
Adai11
Adai11
Түрі айтып тур ғой, былімы зор екенын (керсыншы), осы неге мүнайда жумыс жасаган, енбегы сынген адамдарды коймайды, былетын ак карасын angry
Әкесы немесе көкесі отырған шығар Қазахстанын бұр бұршын устап devil
23.08.2023, 11:40
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи. Зарегистрируйтесь либо, авторизуйтесь. Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.