18+
Новости Актау и Мангыстау
Ақтау және Манғыстау жаңалықтары
12.01.2024, 11:40

Бүгіннен бастап ереуілдеткен жұмысшылар жұмыстан шығарылады

Общество 0 6 891 Эшметова Светлана
«West Oil Software» ЖШС баспасөз хабарламасында 2023 жылдың 11 желтоқсанынан басталған «West Oil Software» ЖШС қызметкерлерінің ереуілін Қарақия аудандық соты заңсыз деп танығанын хабарлады.
Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Бір ай ішінде ереуілге қатысушылардың заңсыз әрекетінің салдарынан компанияға шамамен 499 млн. теңге залал келтірілген. Еске салсақ, ереуілге қатысушылар ЕСОТ жүйесіне сәйкес жалақыны теңестіру, компанияны «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ құрылымына кіргізу және арнайы техникаларды жаңарту талаптарын қойған болатын.

Компанияның мәлімдеуінше, алғашқы екі талаптарды орындау мүмкін емес. Ал үшінші мәселе бойынша ұлттық компания талапты қанағаттандыруға дайын және әзірленген үш жылдық жоспарға сәйкес техниканы жаңарту процесін бастады.

«Орындалуы мүмкін емес талаптардың қойылуы нәтижесінде компанияға күн сайын материалдық шығын келтірілуде. Бұл компанияның қаржылық жағдайына ғана емес, ереуілге шыққан жұмысшылардың отбасылық бюджетіне де әсер етеді. Ереуіл басталғаннан бері осы ереуілге қатысушыларға олардың әрекеттерінің заңсыздығы туралы бірнеше рет түсіндірілді. Сонымен қатар арнайы техникалардың кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары басталғандығы және жұмысқа шығу қажеттілігі туралы хабарланды» деп жазылған хабарламада.


Компанияның мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақыру әрекеттері сәтсіз аяқталды. Сондықтан бүгіннен бастап заңсыз ереуілдің жалғасуына түрткі болған қызметкерлерді жұмыстан шығара бастайды.

Бұл арада кейбір жұмысшылар заңсыз акцияның пайдасыздығын түсініп, одан бас тартып, 50-ден астам адам өз жұмыс орындарына оралды. Сонымен қатар Қарақия ауданының мансаптық орталығында жұмыссыздық бойынша есепте тұрған азаматтарды бос орындарға жұмысқа қабылдау жоспарлануда.

«Егер мекемеміздің өз міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттер тоқтатылмаса, компания тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті материалдарды құқық қорғау органдарына беруге мәжбүр болатынын ескертеміз. Өз кезегінде,«West Oil Software» компаниясы әрқашан өз ұжымына қамқорлық жасайды. Біздің жұмысшыларымыздың жалақысы басқа көлік компаниялардың жалақыларынан орта есеппен алғанда жоғары. Жұмысшылардың әлеуметтік пакетін жақсартып, жалақыны көтере отырып, компания басшылығы кездесу өткізіп жүр» делінген компания хабарламасында.

Естеріңізге салып өтейік, Маңғыстаудағы 2 кен орнына қызмет көрсететін көлік компаниясының жұмысшылары 11 желтоқсанда ереуілге шыққан еді.
Бұған дейін ҚазМұнайГаз компаниясы да, «Ойл Транспорт Корпорэйшн» ЖШС бас директоры да өз позицияларын білдірген. Алайда, сот шешімімен бұл ереуіл заңсыз деп танылды.
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться

Комментарии

0 комментарий(ев)
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи. Зарегистрируйтесь либо, авторизуйтесь. Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.