Қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында көшелерде мамыр айынан бастап жол таңбаларын жаңарту, жол белгілерін салу, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтарды сызу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда Ақтау қаласының 10, 14, 16, 30 және 34 шағын ауданындағы жол белгілері мен жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар сызылды. Мамандардың айтуынша, жол белгілері мен таңбалардың жаңартылуы көшедегі кептелісті және авариялық жағдайлардың туындау қаупін азайтады.
-Жоспар бойынша тиісті жұмыстар жасалуда. Мердігер компания бекітілген сызбаға сәйкес күндізгі және түнгі уақытта жол сызықтары мен белгілерін ретке келтіру жұмыстарын жасауда. Аталған жұмыстар қыркүйек айына дейін жүргізіледі, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться
Комментарии
0 комментарий(ев)