Спикердің айтуынша облыста аурудың өршуі әр жылдары, мәселен 2015 жылы - 292, 2019 жылы – 1 422 және 2020 жылы – 361 жағдай тіркелген.
-Қызылша – ауа – тамшылы жолымен жұғатын вирусты жұқпалы ауру. Ауру дене қызуының көтерілуімен, 2- 4-ші күндері теріге ақшыл қызыл түсті бөртпелердің шығуымен, жоғарғы тыныс жолдарының, ауыз-жұтқыншақ қуысының және көздің шырышты қабықшаларының қабынуымен басталады. Қызылшаны науқаспен қарым – қатынаста болған қызылша ауруына қарсы екпе алмаған адамдар жұқтыруы мүмкін,-дейді Бердібек Саралтаев.
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаззат Есенғалиеваның айтуынша, қызылша ауруынан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцинация.
- Қызылша ауруы асқынса, салдары ауыр. Науқас есту, көру қабілетінен айырылып қалуы, энцефалит, ауыр диарея, құлақ инфекциясы, пневмония, жүрек ақауы секілді ауруларға шалдығуы мүмкін,- деді Лаззат Есенғалиева.
Айта кетейік, қазір облыста 16 396 доза қызылшаға қарсы екпе бар. Тұрғындар қосымша ақпаратты тіркелген ауруханаларына барып біле алады.
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться
Комментарии
0 комментарий(ев)