18+
Новости Актау и Мангыстау
Ақтау және Манғыстау жаңалықтары
05.06.2023, 18:11

Ақтауда заңсыз жүргізілген жер қазу жұмыстары жойылды

Общество 0 3 225 Эшметова Светлана
Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау басқармасы жыл басынан бері жоспардан тыс 47 тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Автордың фотосы
Автордың фотосы
Тексеру барысында құрылыс салушы тиісті рұқсатнама құжаттарын рәсімдемей-ақ, Приморский тұрғын алабында үй іргетасын орналастыру үшін жер қазу жұмыстарын жүргізгені белгілі болды. Осы мәселеге байланысты құрылыс компаниясына хаттама толтырып, айыппұл салынды. Өз кінәсін толық мойындаған кәсіпкер жер телімін бастапқы қалпына келтіруге келісті.

-Құрылысшылар көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін ғана тиісті рұқсат құжаттарды рәсімдеуге көшеді. Жүйесіздікке жол берген құрылыс компанияларының бірі - «Global Сonstruction BI» ЖШС. Компанияға ҚР ӘҚБтК-нің 316б,1 321 және 463б 1-баптарына сәйкес әкімшілік жазалау шаралары қабылданды. Сонымен қатар, заң бұзушылықты жою яғни жер учаскесін бастапқы жай-күйіне келтіру туралы нұсқама берілді, - деді қала құрылысын бақылау бөлімінің басшысы Нұрбол Жоланбеков.

Ақтауда заңсыз жүргізілген жер қазу жұмыстары жойылды


«Global construction BI» ЖШС директоры Ерлан Сағиданов хаттамаға сәйкес қайта көму жұмыстарын жүргізіп, бастапқы қалпына келтіретінін айтты.

- «Приморский» тұрғын алабы, Майская көшесі, №1 жер телімінде құрылыс нысанының іргетасын қалау үшін қазу жұмыстарын жүргіздік. Алайда 2023 жылы 31 наурызда «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ- ден хат келіп түсті. Хаттамада құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында заңсыздықтар анықталғаны мәлімделген. Хаттамаға сәйкес қайта көму жұмыстары жүргізілуде. Шама келгенше жылдамдатуды көздеп отырмыз, - деді Ерлан Сағиданов.
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться

Комментарии

0 комментарий(ев)
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи. Зарегистрируйтесь либо, авторизуйтесь. Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.