Ауыл тұрғындары тіпті көшеге жайылған тұзды судан аяқ алып жүре алмаймыз дейді. Сондықтан олар жергілікті биліктен дренаж жүйесін жасап беруді талап етуде, деп хабарлайды
«КТК» телеарнасы. Жасы 90-ға таяған Жалғас Тілекбаев «Көктем» тұрғын үй массивіндегі №53 үйдің тұрғыны. Осы үйге көшіп келгелі 16 жылдан бері сор сумен жағаласып әлек екен. Бастапқыда суды ақшаға алдыртса, қазір зейнетақым жетпейді дейді ол. Ақсақал әкімдіктен көмек бола ма деп үміттенеді.
-
Өзім тазалап тұрмын суды. Машинамен суды алдырғанмен көбейе береді. Бір-екі алғанға болмайды. Астынан сары су шығып тұр. Өзім өлейін деп отырмын. 90-ға жақындадым, дейді Атамекен ауылының тұрғыны Жалғас Тілекбаев.
«КТК» телеарнасының хабарлауынша, бұл тек үйдің ішіндегі жағдай емес, есіктің алдында да сол көрініс. Тұрғындар үйлеріне су кірмес үшін құм тасып әлек болады екен. Жер астынан шығатын тұзды су денсаулыққа да зиян дейді тұрғындар. Кезінде су ағатын арнайы арық болған. Алайда ауылға емхана салғанда суағар бітеліп қалыпты.
-
Мына тұзды су жердің астынан келіп көтеріліп жатыр. Биыл «Ясин» деген больница ашылды. Ол жоқ кезде шамалы арық жүргізіп суды былай ағызды. «Ясинді» салғаннан кейін үлкен жүк көліктері келді де жолдың быт-шытын шығарды. Баяғы салған арықты бекітіп тастады. Енді қайда кетеді су? Міне үйлерге келіп жатыр, дейді Атамекен ауылының тұрғыны Нұрсұлу Көшербаева.
-Дренажды көміп тастаған бұлар. 2019 жылдан бері алдын жапқан. Оның үстіне бетонный лоток қойған. Ол негізі 3 метр тереңдікте қазылып жатқан коллектор болуға тіис болатын. Оның бер жағындағы 1, 2 метр тереңдікке сор су тартылмайды. Терең дренаж қазылып тартылса, екінші бір жерге құйылып тұратын болса мына жерде су қалмайды, дейді Атамекен ауылының тұрғыны Мұратбай Оразов.
Тұрғындардың айтуынша, сор суды жинауға ауыл әкімдігі кішігірім сорғы орнатқан. Алайда аталған құрылғы жиі істен шығады дейді жиналғандар. Сондықтан дренаж жүйесін жасау керек деп отыр.
-Бізге бұрынғы кеңес уақытындағыдай дренаж жүйесі керек. Екінші мәселе бізге тас жол(асфальт) керек. Жаңбыр жауса біздің көшелерімізге яғни «Көктем» тұрғын үй массивінің бірінші көшесіне мына үлкен жолдың суының барлығы ағады. Ол су кетпейді, сіңбейді. Тұра береді, дейді Атамекен ауылының тұрғыны Тоқтагүл Өтемұратова.
Әкімдіктегілер ауыл ішіне тас жол төселеді деп сендірді. Ал сор суды тарту үшін насос саны көбейтілмек.
-Соңғы уақытта жер асты суларының деңгейінің көбейіп, мөлшерінің артуына байланысты, бұрынғы қойылған насостардың күші жетпей жатыр. Соған байланысты биыл өзіміздің ауылдың бюджеті есебінен аббаттандыру қызметі есебінен үлкен қуаттылығы жоғары насос алып, бір ай көлемінің ішінде орнатып, осы суды азайту мақсатында жұмыстанатын боламыз. Аталған жұмыс қазір басталып кетті, дейді Атамекен ауылының әкімі Ерлан Қайнаров.
Ауыл әкімі жұрттың сорына айналған сор суды бір айдың ішінде құрғатамыз деп уәде берді. Аталған жұмысты жасайтын мердігер мекемені де тапқан. Тұрғындарға енді күтуден басқа амал жоқ. Егер көктемге дейін мәселе шешілмесе халық облыс әкіміне барамыз деп отыр.
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться
Комментарии
1 комментарий(ев)Этим надо было заниматься эти при выборе участка для застройки.