18+
Новости Актау и Мангыстау
Ақтау және Манғыстау жаңалықтары
26.07.2023, 11:53

Жаңаөзенде жас босанған әйел көз жұмды

Происшествия 0 2 548 Станислава Куцай
17 шілде күні Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасының гинекология бөлімінде жас босанған ана қайтыс болды. 32 жастағы әйелдің қайтыс болу себептерін арнайы комиссия анықтайды. Өкінішке орай, сәбиді де құтқару мүмкін болмаған.
Биби Қуанова
Биби Қуанова
Қайғылы жағдайға марқұмның анасы дәрігерлерді кінәлайды. 

Қайтыс болған 32 жастағы БиБи Куанованың анасы Айнагүл Қуанованың айтуынша, қызы 17 шілде күні жұмыс орнында ауырып қалған.

- Қызым жүктіліктің жетінші айында еді. Оның қызуы көтеріліп, денесі құрыса бастаған. Жұмыста оның әріптестері бірден жедел жәрдем шақырған. Алдымен Биби
жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, бірақ жүктілікке байланысты қалалық аурухананың гинекология бөліміне жіберілді. Қабылдау бөлмесінің фельдшерлері мен дәрігерлері оны ауруханаға бірден жатқыза алмады. Ауруханада лифт жұмыс істемеді,біз оны төртінші қабатқа өзіміз көтердік. Дәрігерлер қызымның өзі босану керектігін айтты, кесарь тілігін жасауды ұсынбады, - деді Айнагүл Қуанова.

Кезекші дәрігер баланың құрсағында қайтыс болғанын хабарлапты.

- Қызым шаршап, әлсіреп қалды, дұрыс дем ала алмай жатты. Мен оған оттегі маскасын беруді өтіндім, бірақ дәрігерлер оның қалай тағу керектігін де білмеді. Мен сол жерде дәрігерлерді шақырттым, бірдеңенің дұрыс емес екенін сездім. Неге дәрігерлер кесарь тілігін жасамады? Бұл мен үшін әлі де жұмбақ, - дейді қайтыс болған босанған әйелдің анасы.

Ауруханадан «Биби қайтыс болды. Баланы да құтқару мүмкін болмады» деген хабар бірнеше сағаттан кейін келген.

- Бұған дейін Биби түсік тастаған. Осы жолы сәбиін ерекше күтіп еді. Енді, міне, немқұрайлылық пен әрекетсіздіктің салдарынан үш кішкентай қыз анасыз қалды. Мен кезекші дәрігерді, фельдшерді сотқа беремін. Біздің келісімімізде алмай қызымның денесін Ақтау мәйітханасына апарғып, сараптама жүргізген, - дейді әйел.
Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы Жаңаөзен перзентханасында әйелдің қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. 32 жастағы әйелдің қайтыс болу себептерін арнайы комиссия анықтайды. Оқиға болған перзентханада қызметтік тексеру басталды.

Аударма авторы Нұргүл Бекболатқызы
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться

Комментарии

0 комментарий(ев)
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи. Зарегистрируйтесь либо, авторизуйтесь. Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.