-4«А» шағынаудандағы теңіз жағалауына жасанды бөген жасаймыз деп құм мен тасты араластырып төгіп тастаған. Тұрғындар қыдырып, серуендеп жүретін жер еді. Негізінен ол жерде ағын болып, су жүру керек. Ал жасанды бөгеннен су дұрыс жүрмей тұр. Енді сол жерде қоқыс пен биологиялық қалдықтар барлығы жиналып тұрады. Одан қалса қалдықтардан жағымсыз иіс шығады. Ол жерде серуендеп жүру мүмкін емес, дейді қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев.
Жиналған үйіндіден жағалаудың эстетикалық көрінісі бұзылғанымен қатар, аталған жерде жағымсыз иіс шығады екен. Егер теңізден қатты жел соқса, жағалауда серуендеу мүмкін емес. Ал облыстық экология департаментіндегілер болса, теңіз жағалауында тұрақты түрде тексеріс жүргізіп тұрмыз деп отыр. Тіпті жуырда тұрғындардан түскен өтініш бойынша зерттеу жасалған екен. Әрбір салынатын жоба алдын-ала әкімдіктің тексеруінен өтетін айтады. Экологтардың айтуынша, жағымсыз иіс балдырлардан шығады. Ал ол иістің адамға зияны жоқ көрінеді. Жасанды бөген балдырдың көп мөлшерде жиналуына әсер етпейді деп отыр. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ дейді департаменттегілер.
-Балдырлардың жиналуы табиғи құбылыс. Ол әр түрлі түсімен ерекшелінеді кейде қызыл болса, кейде қатты қызғылт түсті болады. Балдырлардың өзіне тән иісі болады. Сондықтан ол табиғи құбылыс. Арнайы зерттеу жүргізілді. Біздің мамандар ешқандай ауытқуларды көріп отырған жоқ. Зертхана қорытындысы бәрі дұрыс екенін көрсетті, дейді Маңғыстау облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов.
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться
Комментарии
0 комментарий(ев)