Оның ішінде 5%-ы, яғни шамамен 350 жұмыс орнының жалақысы 570 мың теңгеден асады.
Ал осы вакансиялардың ішінде 49% – сату, 16% – құрылыс, жылжымайтын мүлік, 14% – көлік, логистика, 11% – жұмысшы персонал, 7% – жоғары менеджмент саласы бойынша қызметтер ұсынылған.
HeadHunter сайтының ақпараты бойынша, айлық жалақысы 3 000 АҚШ доллары болатын 6 жылдан астам тәжірибесі бар, вахталық әдіспен жұмыс істей алатын кеме капитаны іздестіріледі. Одан басқа, айлық еңбекақысы 1 млн-1,5 млн теңге болатын өндіріс бойынша басқарушы директор қызметіне 6 жылдан астам тәжірибесі бар маман шақырылады. Сондай-ақ, айына 3 500 АҚШ доллары төленетін ақпараттық және киберқауіпсіздік саласындағы әзірлеуші-бағдарламашы қызметкер іздестіріледі. Тәжірибесі 1-3 жылды құрайтын өңірлік өкіл үшін 3 млн теңге ұсынылған қызмет те бар. Ал ешқандай тәжірибені қажет етпейтін жаңа автомобильдерді сату жөніндегі менеджерге 60 000-5 000 000 теңгеге дейін жалақы қарастырылған.
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться
Комментарии
0 комментарий(ев)